Тілдік нұсқа
Радио

Фото

Облыс бас имамы Жезқазған қаласы әкімінің қабылдауында болды (фот)
10 қараша, 2020 жыл 110 Басып шығару нұсқасы

Алла Тағаланың теңдессіз сыйы Отанымыздың мәңгі тәуелсіздігін баянды етіп, елдің дамуы үшін әрбір азаматқа жүктелер сеніммен талап зор. Адам өзінің ұстанған дініне, тіліне, дәстүріне қарамастан ынтымақты түрде діни тұрақтылықты сақтап еңбек етуі керек. Сырт елдерде діни түрақсыздықтың кесірінен болып жатқан келеңсіздіктерге қарап, ел дамуының бірден бір кепілі ол діни тұрақтылық екенін түсінуге болады. Шынында мемлекет дінсіз бомайды, дін мемлекетсіз болмайды.   Осы орайда, Жезқазған халқының діни ахуалы мен тұрақтылығын бақылау мақсатында Қарағанды облысының бас имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлы Жезқазған қаласының діни ахуалы мен тұрақтылығын бақылау мақсатында аймақтың әкімі  Қайрат Бектайұлы Әбсаттаровтың арнайы қабылдауында болды. Кездесу барысында  қаладағы діни ахуалдың тұрақтытығына, дін саласында қызмет етіп жүрген қызметкерлердің атқарған жұмыстарына тоқталып, алда жасалатын діни іс-шаралар жоспарымен де таныстырып өтті. Діни тұрақтылықты сақтау мақсатында қалаға қарасты елдімекендердің ахуалы талқыланды. Сондай-ақ, жергілікті әкімшілікпен және ішкі саясатпен бірлесе отыра көптеген іс-шараларды ұйымдастыру жоспарға алынып, бірнеше бағытқа бөлінген жұмыстардың жай-күйі баяндалды.

ihsan.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары