Тілдік нұсқа
Радио

Фото

Нұра ауданында мәуліт мерекесінің құрметіне қайырымдылық жүзеге асты
11 қараша, 2020 жыл 358 Басып шығару нұсқасы

Еліміздің әр түкпірінде пайғамбарымыз Мұхамедтің (с.а.у) туған күні, яғни мәуліт мерекесі онлаин түрде аталып өтілуде. Бұл мереке адамзаттың асыл тәжі болған Хақ Елшісіне (с.а.у) деген ерекше сүйіспеншіліктен туындағаны хақ.

Ардақты Пайғамбарымыздың (с.а.у) дүние есігін ашуымен адамзат өмірге жаңа келгендей жанданып, тас жүректер Жаратқан Жаббар Хақтың нұры арқылы ақиқаттың кәусар бұлағымен сусындап, қайта тірілді. Осы айтулы мереке қарсаңында Қарағанды облысына қарасты Нұра ауданындай қайырымдылық шара жүзеге асты. Жылқы малы сойылып, еті көмекке мұқтаж, жағдайы төмен отбасыларға үлестіріліп берілді.

Қайырымдылық – көмекті қажет етушілерге білдірілетін сүйішпеншілік пен нақты көмек. Қайырымдылық – ізгіліктің көрінісі. Кісінің айналасындағы адамдарға деген ықыласы мен көмегін, адамгершілік қарым-қатынастарын білдіреді

ihsan.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары