Тілдік нұсқа
Радио

Фото

Теміртауда «Жылу сыйла» қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды
11 қараша, 2020 жыл 38 Басып шығару нұсқасы

 

Әбу Һұрайра (Оған Алла разы болсын) риуаят еткен хадисінде пайғамбарымыздың (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) : «Адам баласы дүниеден өткен соң оның амалы тоқтайды. Тек мына үш амалдың сауабы иесіне үздіксіз жетіп тұрады. Олар: Садақа жария, пайдалы ілім, артынан дұға қылатын ізгі ұрпақ»дегенін жеткізеді. 
Осы орайда Теміртау орталық мешітінің ұйымдастыруымен «Жылу сыйла» қайырымдылық жoбасы жүзеге асты. Нақтырақ айтқанда 15 отбасына 40 тонна көмір үлестіріліп, жүректеріне қуаныш, баспанасына жылу сыйлады.  Кейбір отбасларға қара алтын тұрғылықты мекен-жайына арнайы жеткізіліп берілді. Қасиетті Құран Кәрім аяттарына көз жүгіртетін болсақ, жомарттық пен қайырымдылық жасаудың маңыздылығы – парыз етілген намаз сөзімен қатар жүретінін байқаймыз. Көптеген тәпсір еңбектерінде Алланың берген рызығын Аллаға жақындау үшін мал-мүлік сарып қылу жөнінде баяндалады. Сондай-ақ, шариғат бойынша қайыр-садақаға лайықты мұқтаж адамдардың санаты реттілікпен көрсетілген. Олар: Ата-ана, ағайын, туған-туысқандар, жетімдер, кедейлер және сапардағы мүсәпір жандар қайырымдылық көмегіне лайықты екені мәлім.
Қайырымдылық шарасына ҚМДБ ның Қарағанды облысы бойынша өкіл имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлы арнайы қатысып, ұйымдастырушыларға өз алғысын білдірді.
Қайырымдылық жасаған адам ешқашан кедейленіп қалмайды «қолы ашықтың – жолы ашық», – деп атам қазақ бекер айтпаса керек. Сондықтан да Алланың берген рызығынан аз да болса бір бөлігін Хақ Тағаланың разылығы үшін қайырлы істерге жұмсасақ, қоғамға тиер пайдасы мол болатыны сөзсіз.

ihsan.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары