Тілдік нұсқа
Радио

Фото

«BUSINESS FOOD HAUSE» дәмханасы халал сертификатын иеленді (фото)
20 қараша, 2020 жыл 148 Басып шығару нұсқасы

Қарағанды шахарнда кезекті мекеме «Халал Даму» ЖШС-нің арнайы сертификатын иеленді. Бұл жолы  «Business Industry» ЖК «BUSINESS FOOD HAUSE» дәмханасы  «Халал өнімдерді өндіруге, дайындауға, өңдеуге, сақтауға, тасымалдауға және сатуға қойылатын жалпы талаптар» стандарты бойынша сертификаттады. Арнайы стексеріс жұмыстарын
 ҚМДБ-ның  өңірлік жауапты өкіл Ысқақ Абдрахманов жүргізіп, күмәнді деп танылған өнімдер мен тағамдық қоспалар лабораториялық зертханаға жіберілді. Барлық қызметкерлердің жұмыс жасау барысы, санитарлық тазалық шарттарын сақтауы, шариғат талаптарына сай емес өнімдерді қолданбауы, мекемеге шикізат өнімдерін тасымалдаушы кәсіпорындардың құжаттары, техникалық құрал-жабдықтардың стандарт талаптарына сай жабдықталуы, қаптамалардың адам денсаулығына зиянды болмауы секілді өнім өндіруден бастап тасымалдап сатуға дейінгі барлық процесс тексерілді. 

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

ihsan.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары