Тілдік нұсқа
Радио

Фото

Қарағандыда «Имандылық –рухани құндылықтардың өзегі» атты дөңгелек үстел болып өтті (фото)
21 қараша, 2020 жыл 89 Басып шығару нұсқасы

ҚМДБ-ның Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің ұйымдастыруымен «Достық үйі» ғимаратында «Имандылық –рухани құндылықтардың өзегі» атты дөңгелек үстел болып өтті. Рухани бас қосуға ҚМДБ-ның төраға орынбасары, наиб мүфти Ершат қажы Оңғаров арнайы келіп қатысты. Елордадан арнайы келген құрметті қонақ шара барысында ҚМДБ-ның төрағасы, бас мүфтидің сәлемін жеткізіп, қатысушыларға діни басқарманың қазіргі жұмыс барысымен бөлісті. ҚМДБ жанынан республикалық «Халық арна» атты төл телеарна  және тұңғыш рет оңалту орталығы  ашылғаны жөніндегі игі жаңалықтармен бөлісіп, діни басқарманың тыныс-тіршілігінен хабар берді. Осы оңалту бөлімінің қажырлы еңбегінің арқасында біршама адам түзу жолға түсті. Сондай-ақ, пәтуа жинағы жарық көрді. Аталмыш жинақта ғұламалар кеңесінің қазіргі заманға сай, әртүрлі сұрақтарға пәтуа шығарып, күрделі сұрақтарға берген жауаптары жинақталған. Осы жинақтың таныстырылымын айтып өтті.  Діни басқарманың кезекті жаңалығы алғаш жарық көрген мұнара газеті. Мұнда еліміздің әрбір аймағында өткен игі, рухани шаралар, дін қызметкерлерінің еңбектері жазылып, жаңалықтар жарық көреді.  Рухани бас қосуда  ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша бас имамы Өмізақ қажы Қазкенұлы, аймағымыздың «Жастар ісі» секторының жауапт өкілі Мұсабеков Нұржігіт Оразалыұлы,  Ерлан Бейсенбайұлы , Бекмұрзаев Бақтияр, Жұмағұлов Айтпай, Мирас Құттыбай, Мұсабеков Ерсін, Тілеген Әділов, Мақсат Ақанов, Рахат Қайратұлы, Абылай Армияұлы, Бекзат Алтынбеков, Ағыбай Оңғаров, Әлия Өміржанқызы рухани кештің құрметті қонағы болды. Дөңгелек үстелде бас қосу барысында рухани жаңғыру бағытындағы жаңа ұстанымдар мен құндылықтар жөнінде пікірталастар орын алып, қазіргі қоғамның негізгі мәселелері талқыға салынды. Естеріңізге сала кетейік, Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен өткен «Рухани құндылықтар – қоғам бірлігінің негізі» атты ІІІ республикалық имамдар форумында «Жеті рухани қазық» атты мұсылман тұғырнамасы қабылданған болатын.  Аталмыш жеті қазық дегеніміз әрбір мұсылманның бойынан табылуы тиіс негізгі жеті көркем сипатты – имандылықты, отаншылдықты, білімге құштарлықты, бірлікқұмарлықты, еңбекқорлықты, мәде­ниеттілік пен әділдікті қамтиды. Бүгінгі бас қосу барысында осы тұғырнамадағы бірнеше дін саласындағы өзекті мәселелер талқыланды. Имандылықтың негізгі ұйытқысы боларлық дүниелер қозғалып, бірнеше жоспарлар мен мақсаттар да алға қойылды. Игі шара барысында ҚМДБ-ның төраға орынбасары, наиб мүфти Ершат қажы Оңғаровтың «Қасиетті Құран: мағынасы мен түсініктері» атты еңбегінің таныстырылымы өтті.  Сонымен қатар, Қарағанды облысының дін қызметкерлерінің қазіргі карантин уақытында атқарып жатқан қызметтеріне және облыстың қазіргі діни ахуалына оң баға берілді. Рухани кеш соңында барлық қонақтар мен қатысушыларға Құран Кәрім сыйға беріліп,  Құран оқылып, бата берілді. Жаратқан Жаббар Иеміз имандылықты мызғымас рухани қазығымыз еткей! Қауымымызды имандылық салта-нат құрған қоғамға айналдырсын! Әумин!

 

ihsan.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары