Тілдік нұсқа
Радио

Фото

«Жастар ісі» секторының жауапты өкілі Нұржігіт Оразалыұлы арнайы алғыс хатпен марапатталады
01 желтоқсан, 2020 жыл 680 Басып шығару нұсқасы

 

 Қарағанды облысы «Рухани жаңғыру» өңірлік жобалық кеңсесінің ұйымдастыруымен «1желтоқсан -Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті» куніне орай «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыруға үлесін қосып , еліміздің игілігіне қызмет етіп жүрген қоғам белсенділерін марапаттау рәсімі өтті. Игі шарада ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша «Жастар ісі» секторының жауапты өкілі ,облыстық «Әнет баба» мешітінің наиб имамы Мұсабеков Нұржігіт Оразалыұлының жыл бойына атқарған еңбегі еленді. «Жанамын деген жүрекке от берейік» деп Төлеген Айбергенов атамыз  айтқандай, көптеген жастарды алға сүйреп, бүгінгі жас ұрпаққа болашақтың алтын  көпірін  көрсетіп жүрген қоғам белсендісі арнайы алғыс хатпен марапатталады. Ел басына күт туған уақытша қиындық кезеңінде аймағымыздың жастарын бір буындай жиып,қоғамға көп пайдасы тиер шаралар мен жобаларды атқарып, сауабы мол һәм қайырымды жобаларды ұйымдастырған қоғам белсендісінің алдағы жылға қойған мақсаты да айқын, жоспары жүйелі. Ендеше,жүрегі елім деп соққан жастарымыз көп болсын.
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша басасөз қызметі 

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары