Тілдік нұсқа
Радио

Фото

Абай ауданы Қарабас кенті мешітіне бақылау-басқару жұмыстары жүргізілді (фото)
08 желтоқсан, 2020 жыл 200 Басып шығару нұсқасы

Алланың ризалығына жетелейтін жол Ислам шариғатында жатыр. Соның бірі – имам Мүслимнен келген хадисте кездеседі. Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) айтқан: "Алла Тағалаға қаланың өте жақсы орындары – мешіттері."

ҚМДБ-ның Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің наиб имамы Хумар Қоныскерей облыс бас имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлының тапсырмасымен Абай ауданына қарасты Қарабас кентіне арнайы бақылау-басқару қызметтік іс-сапары бойынша ат басын бұрды. Аймақта орын алып жатқан сауапты һәм шарапаты мол шарамен танысып, бақылау жұмыстарын жүргізді. Бұл игі іс – мешітте жүргізіліп жатқан жөндеу жұмысы. Қазіргі таңда мешіттің терезесі мен есіктеріне, михраб және жылы еден орнатуға қажетті құрал жабдықтар мен керек жарақтар алынып, жөндеу жұмысына сақадай сай, дайын тұр. Дін жанашырлары мен жомарт жандардың қолдауы мен демеушілік көмектерінің нәтжесінде мешіт құрылысы қарқынды жүргізілуде. Осы уақытқа дейін бес жүз алпыс сегіз мың теңгеге жуық қаражат жұмсалған. Игі істің барысы мен тынысынан хабар алған облыс наиб имамы Хумар Қоныскерей және Абай ауданның имамы  Аманбол Мукаев берекелі құрылыстың куәсі болып қайтты.

Алла үйін салған адамдарға қатысты Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) өз хадисінде былай дейді: «Кім жер бетінде Алланың үйін салуға ат салысса, Алла Тағала ол кісіге жұмақтан орын дайындайды». Ислам тарихында мешіт салу – барша пайғамбарлар шұғылданған қадірлі іс болған.

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы  бойынша баспасөз қызметі

 

 

 

ihsan.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары