Тілдік нұсқа
Радио

Фото

Теміртауда «Sauap» еріктілер орталығының ұйытқы болуымен «Жақсылық жаса” қайырымдылық акциясы өтті
20 желтоқсан, 2020 жыл 187 Басып шығару нұсқасы

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы қызметінің дәстүрлі бағыттарының бірі – қайырымдылық екені белгілі. Теміртау орталық мешіті мен «Sauap» еріктілер орталығының ұйытқы болуымен «Жақсылық жаса» қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды.

Аталмыш іс-шара барысында мешіт имамдары мен еріктілер тұрмыс жағдайы төмен 30 отбасыға арнайы азық-түлік себеттерін (ұн мен макарон өнімдері, күріш, қарақұмық, қант, сұйық май, шай) үлестірді.

«Асыл дініміз бізді мейірімділік танытып, қайырымдылық жасауға шақырады. Осындай қиын-қыстау кезеңде бір-бірімізге жанашыр болайық!», деді Теміртау орталық мешітінің бас имамы Естай Айтуғанұлы

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары