Тілдік нұсқа
Радио

Фото

Дін қызметкерлеріне «Үздік имам» және «Белсенді имам» номинациялары табысталды (фото)
24 желтоқсан, 2020 жыл 110 Басып шығару нұсқасы

Биыл, 2020 жылы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының құрылғанына 30 жыл толуына орай ҚМДБ ғұламалар кеңесінің қабылдауымен 30 жылдық мерейтой аясында жүзеге асатын 30 игі іс-шараның жоспары бекітілген болатын. Осы игі бастама аясында Қарағанды облысы өзге аймақтардан қалыс қалмады. Облысымызға қарасты барлық қала, аудандарда түрлі қайырымдылық шаралар мен игі бастамалар жүзеге асып келді. Мешіттер күрделі жөндеуден өтіп, оған ғұлама-ғалымдардың есімі берілді. Сондай-ақ, көпірлер салынып, бұлақ көздері ашылды. Осындай үлкен істі қолына алып, жоғары деңгейде жүзеге асырған Жаңаарқа ауданының имамы Асхат Қанай 5000 адамды бір мезетте ауыз сумен қамтитын су құбырын іске қосқаны үшін «Үздік имам» номинациясын иеленді. Марапатты ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша бас имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлының өзі арнайы табыстады. Дәл осындай «Белсенді имам» номинациясы Теміртау шаһарындағы асыл дініміздің көркейіп, кеңінен құлаш жаюына еңбек еткен, қаланың екі бірдей мешітіне күрделі жұмыс жүргізуді қолына алып, әлеуметтік желіде белсенді болып, жан-жақты шараларды белсенді атқарғаны үшін Естай Әбдіғали Айтуғанұлына берілді.

 

Пайғамбарымыз мына тамаша сөздерінде: “Сендердің араларыңдағы ең қайырлы адам – бұл дүние үшін ақыретті  ұмытпай, ақырет үшін бұл дүниені ұмытпай, екі дүние үшін де еңбектенетін және ешкімге ауыртпалығын артпайтын жан” деген. Ендеше Хақ дініміз үшін аянбай еңбек етіп, қажырлы қызмет жасаған жандардың ерен еңбегі елене берсін дейміз!

ҚМДБ-ның Қарағанды облысыбойынша баспасөз қызметі

ihsan.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары