Тілдік нұсқа
Радио

Фото

«IHSAN.KZ» сайтының қызметкерлері «Үздік қаламгер» номинациясымен марапатталды (фото)
24 желтоқсан, 2020 жыл 132 Басып шығару нұсқасы

Қоғамға имандылық пен адамгершілікті, ізгілік пен бірлікті насихаттауда бұқаралық ақпарат құралдарының рөлі айрықша мәнге ие.

Елімізде төтенше жағдай жарияланған сындарлы сәтте халыққа үміт сыйлап, жұртымызды жақсылыққа жұмылдырып, жігерлендіру жұмыстарында ақпарат құралдарының осы бағыттағы жауапты қызметі арта түсті.

Осы ретте ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз хатшысы әрі ресіми «Ihsan.kz»  сайтының бас редакторы Аманов Ақжігіт Оразалыұлы әлеуметтік желіде белсенді қызмет етіп, діни басқарма тарапынан келген онлаин уағыз-насихат жұмыстарының уақытылы әрі сапалы жүзеге асуына жоғары деңгейде қызмет еткені үшін облыс бас имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлы арнайы «Үздік қаламгер» номинациясымен марапаттады. Дәл осындай «Үздік қаламгер» номинациясы ҚМДБ-ның аса назар салып отырған  медия саласы  бойынша облыстық деңгейде белсене ат салысқаны үшін Ерғали Сүндет Бақытғалиұлына және ресіми сайтта атқарған еңбегі үшін Байназарова Назира Қайратқызына табысталды. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының игі іс-шараларына ақпараттық қолдау көрсетіп, асыл дінімізді насихаттау жұмыстарына белсене араласқандары үшін облыс бас имамы қызметкерлерге айрықша алғысы мен риясыз ризашылығын білдірді.

Алла Тағала ел игілігі жолындағы қызметтеріңізге жар болсын! Халқымыз аман, еліміз тыныш, тәуелсіздігіміз баянды болғай. Әмин!

ihsan.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары