Тілдік нұсқа
Радио

Фото

Екі шәкірт Құран жарысында жүлделі орынға ие болды (фото)
28 желтоқсан, 2020 жыл 81 Басып шығару нұсқасы

Барлық болмыс атаулы мен таңғажайып ғаламның жаратушысы Аллаһ тағала Ислам діні арқылы діндерді толықтырып, кемеліне келтірді. Адамзаттың бақыты үшін Құран Кәрімді түсірді.

Құран аса дана һәм шексіз рақым иесі Хақ тағала тарапынан түсірілген адамзатты шынайы бақытқа жетелейтін, қияметке дейін бірде – бір әрібі өзгермейтін мәңгілік мұғжиза. Құран – Жаратқанның тура жолы әрі хаққа бастар нұр. Ол – соңғы пайғамбарлықтың құжаты, ханиф (тура) діннің тілі әрі Ислам шариғатының ата заңы.

Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) Құран аяттарын неғұрлым көп жаттаған адамның жұмақта дәрежесінің соншалықты жоғарылайтынын айтады.

Бүгін ҚМДБ-ның Қарағанды облысына қарасты «Балкен ана» мешітінің ұйымдастыруымен Қасиетті Құран Кәрімнің 30-парасы бойынша жатқа оқудан жарыс өткен болатын.

Үздік қатысушылар бас тіккен берекелі сайыста Олжас Есенұлы қайырымдылық орталығының шәкірттері қатысып жүлделі орынға ие болды. Атап айтқанда, І-орын Айтбаев Жақсылық және ІІ-орын алған Қосылбеков Нұрхан жүлделі орынды қанжығасына байлап қайтты.

Мықтылар ба қосқан сайыс соңында жүлде иегерлері Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің жанындағы «Олжас Есенұлы» атындағы қайырымдылық мекемесінің директоры әрі «Төлеутай ата» мешітінің имамы Сайлау Жұмағұлұлының қабылдауында болып, үлкен алғысына бөленді. Қазақта «Ұстаздан шәкірт озар» ,- деген бар. Осындай жетістікке жеткен шәкірттерге білім беріп, Құран нұрымен сусындатқан ұстаздары үлкен алғыстары мен батасын берді.

ihsan.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары