Тілдік нұсқа
Радио

Фото

Абай ауданы: Имамдар облыс бас имамының алғыс хатымен марапатталды
30 желтоқсан, 2020 жыл 693 Басып шығару нұсқасы

Абай ауданына қарасты имамдар облыстық Әнет Баба мешітінің бас имамы Ө.Қ.Бекқожаның Алғыс хатымен марапатталды. Атап айтқанда Үштөбе мешітінің имамы Жандос Әшімұлы Нығман мен Қарабас кенті мешіті имамы Данияр Хамитов жыл қорытындысы бойынша жақсы үздік көрсеткіш пен танылды. Марапаттау рәсімі Абай қаласы мешітінде өтті. Аудан мақтанышы болған екі имамды Абай ауданы бойынша бас имам Аманбол қажы Рымқұлұлы құттықтап жауапты да сауапты қызметтеріңіз жемісті болсын деп сәттілік тіледі. Абай ауданына арнайы есепке келген мешіт пен медресе құрылысына үлкен үлестерін қосып жүрген имамдарға аудан имамы тапсырмалар берді. Жұмабек ауылында салынып жатқан мешітін құрылысы жайын таныстырған  Смаилов Нұрдәулет Баймұхамбетұлына аудан имамы Алғыс хатымен марапаттады.Айта кетейік Жұмабек ауылы мешіті құрбан айт мерекесіне қарсы ашылады деген жоспарымыз бар Сонымен қатар Үштөбе медресе құрылысына тоқталған Ж.Нығыман медреседе болашақ ұрпақ тәрбиесі мен дәстүрлі дін мен қатар шет тілдерінен сусындап компютерден жетік мамандар даярлау орталығы болатынын жеткізді. Өз кезегінде Қарабас кенті мешіті күрделі жөндеу жұмыстары болып жатқандығы жайында баяндады.

ihsan.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары