Тілдік нұсқа
Радио

Фото

AҚПАРАТТЫҚ-АҒАРТУ ШТАБЫНЫҢ МҮШЕЛЕРІ МАРАПАТТАЛАДЫ
30 желтоқсан, 2020 жыл 356 Басып шығару нұсқасы

Ағымдағы жылдың 30 желтоқсанында «Antikor ortalyǵy» сервистік ғимаратында Департамент басшысы Д.Шакеновтың төрағалығымен ақпараттық-ағарту штабының қорытынды отырысы өтті.Іс-шараға облыстық ағарту штабының басшысы Б.Алтынбеков және Департамент басшысының бірінші орынбасары А.Оразхан қатысты.
Кездесу барысында Денис Шакенов халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға және азаматтық қоғамның күш-жігерін шоғырландыруға атсалысып жүргені үшін штаб мүшелерінде алғыс білдіріп, одан әрі ынтымақтастықтың жалғасатындығына сенім білдірді. 
Осындай  қызмет барысында бір жыл бойы жауапты қызмет еткен аталмыш штаб мүшесі, облыстык Әнет баба мешітінің наиб имамы Мұсабеков Нұржігіт Оразалыұлы да арнайы алғыс  хатпен марапатталады. Ақпараттық-ағарту штабы қоғам мен мемлекеттік аппарат арасындағы тығыз және өзара тиімді ынтымақтастықты орнатып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруда үздік құрал болып табылатындықтан, өз жұмысын одан әрі жалғастыратын болады✅.

 

Ihsan.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары