Тілдік нұсқа
Радио

Фото

Теміртау имамдары 7 жұмыс бағыты бойынша жиналыс өткізді
01 ақпан, 2021 жыл 619 Басып шығару нұсқасы

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен өткен Діни басқарманың кеңейтілген Төралқа мәжілісінде 2021 жылы атқарылатын жұмыстардың жеті бағытын бекіткен болатын. Осыған орай Теміртау орталық мешітінде аталмыш жеті жұмыс бағытын іске асыру бойынша жиын өтті.
 
Теміртау қаласының бас имамы Естай Айтуғанұлының төрағалығымен өткен жиынға қалаға қарасты мешіттердің бас имамдары, жұмыс бағыттары бойынша жауапты наиб имамдар және өзге де мешіт қызметкерлері қатысты.
 
Жиынның шымылдығы қасиетті Құран аяттарымен ашылғаннан кейін, бас имам Естай Айтуғанұлы ҚМДБ тарапынан бекітілген жеті жұмыс бағыты бойынша толық әрі тұщымды ақпарат берді. Осының негізінде жаңа жұмыс бағыттары бойынша жоспарлар мен жауапты имамдар бекітілді.
 
«ҚМДБ тарапынан бекітілген жеті бағыт: ақпарат және қоғаммен байланыс, уағыз-насихат, қайырымдылық, оқу-ағарту және кадрлық әлеует, рухани тәрбие – Ихсан ілімі, дін мен дәстүр, жат діни ағымдармен жұмыс бойынша атқарылатын жұмыстарға ерекше басымдық беруіміз керек. Бұдан бөлек, ҚМДБ жанынан жаңадан ашылған Әдеп кеңесі мен салттық қызмет көрсету жұмысымен айналысатын «Qamqor-Sharapat» ЖШС-нің жобаларымен де толық танысып шығыңыздар», деді Естай Айтуғанұлы.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары