Тілдік нұсқа
Радио

Фото

Жеті құжат жиыны «Төлеутай ата» мешітінде өтті
12 ақпан, 2021 жыл 361 Басып шығару нұсқасы

         ҚМДБ-ның Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен және Қарағанды облысының бас имамы Өмірзақ қажы Казкенұлының тапсырмасымен діни басқарма тарапынан қабылданған жеті құжат бойынша бүгін «Төлеутай ата» мешітінде  имамдарымен және мешіт жамағатымен жиналыс өтті. Жергілікті дін қызметкерлері бас қосқан дөңгелек үстел барысында бірқатар тапсырмалар беріліп, алдағы уақытта атқарылатын жұмыстар талқыланды. Жаңа жылға тың жобалар мен жоспарлар бекітілді. Діни басқарма тарапынан белгіленген әр бағыт жеке-жеке талқыға салынды. Жиын барысында «Төлеутай ата» мешітінің имамы Сайлау Жұмағұлұлы жеті бағыт ішіндегі ақпарат және қоғаммен байланыс, уағыз-насихат, қайырымдылық, оқу-ағарту, рухани тәрбие – Ихсан ілімі, дін мен дәстүр, жат діни ағымдармен жұмыс бойынша атқарылатын жұмыстарға ерекше басымдық беруі керек екендігін тілге тиек етті.

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы  бойынша баспасөз қызметі

ihsan.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары