Тілдік нұсқа
Радио

Фото

ҚАРАҒАЙЛЫ КЕНТІНДЕ ДІНИ АХУАЛ ТҰРАҚТЫ (ФОТО)
19 ақпан, 2021 жыл 38 Басып шығару нұсқасы

Ел игілігі үшын қызмет етіп жатқан мешіттердің тыныс-тіршілігіне бақылау жұмыстарын жүргізу мақсатында, ҚМДБ-ның Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің наиб имамы Хумар Қоныскерей, облыстық «Әнет баба» мешітінің ұстазы Нұрбол Әділмұрат, Қарағанды қалалық «Әл Машани» мешітінің наиб имамы, облыстық пәтуа бөлімінің жауапты өкілі Мейірбекұлы Бауыржан  Қарқаралы ауданына қарасты Қарағайлы кентіне   ат басын бұрды.  Қызметтік іс-сапарға аудан имамы «Құнанбай қажы» мешітінің имамы Митератбек Құбылайханов арнайы қатысты.  Сапар барысында дін қызметкерлерінің жұмыс барысын пысықтап, зерделеу жұмыстарын жүргізді. Мешіттің қазіргі тынсымен танысып,  қызметкерлердің пікірлерін тыңдады.

Абдулла ибн Масғұдтан(Оған Алла разы болсын)  жеткен риуаятта Алланың Елшісі (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) : «Адал жолмен кәсіп іздену парыздан кейінгі парыз», – деген. Асыл дініміз үшін қажырлы еңбек етіп, аттан түспей, облысымыздағы ұтымды істердің ұйытқысына айналып жүрген дін қызметкерлерінің қарқынды жұмысына облыстан арнайы іс сапармен келіп, бағасын берген  Хумар Қоныскерей мырза алдағы уақытта да адал істі абыроймен атқаруға сəттілік  тілеп қайтты.

Жаратқан Ие дінміз бен діліміздің тұғырын қашан да биік еткей! Әумин!

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша басасөз қызметі

ihsan.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары