Тілдік нұсқа
Радио

Фото

ҚАРАҒАНДЫДА «КӨРКЕМ ҚҰРАН ОҚУШЫ» ЖӘНЕ «КӨРКЕМ АЗАН АЙТУШЫ» ДОДАСЫ ӨТТІ (ФОТО)
21 ақпан, 2021 жыл 213 Басып шығару нұсқасы

 

Асыл дініміздің қайталанбас құндылығы, тірегі болған, екі дүние бақытына жеткізер Алланың хақ үкімі және сөзі Құран екені баршамызға аян. Ардақты елші Пайғамбарымыз (с.а.с), «Сендердің ең жақсыларың, Құранды үйреніп оны өзгелерге үйреткендерің»- дегендей ҚМДБ-ның Қарағанды облысының бас имамы Өмірзақ қажы Казкенұлының тапсырмасымен, облыстық «Зекет» қайырымдылық қорының ұйымдастыруымен облыстық «Әнет баба» мешітінде «Көркем Құран оқушы» және «Көркем Азан айтушы» атты сайыс болып өтті. 
Абай атамыз: «Алланың өзі де рас, сөзі де рас. Рас сөз ешуақытта жалған болмас» дегендей, берекелі дода 18-30 жас аралығындағы жамағат пен медресе шәкірттерінің арасында өтті. 
Қатысушыларды сынақтан өткізуге Қарағанды қалалық «Хазірет Али» мешітінің имамы Әлімжан Қазақбайұлы, «Әл Машани» мешітінің найб имамы Бауыржан Мейірбекұлы, Нуров Мухамад, «Зекет» қайырымдылық қорының жауапты өкілі Мұхит Джаримбетов өздерінің әділ бағаларын беруге әділқазылар алқасының құрамында болып, сайысқа қатысушы шәкірттерге және жамағатқа Құран Кәрімді өз ережесіне сай тәжуидпен оқи білудің сауабы жөнінде мағыналы уағыз айтып, жарысқа қатысушыларға сәттілік тілеп, жарыс ережелерімен таныстырып өтті.
Баға беру барысында үміткердің барлық қырына: оқу мәнерінен бастап, дыбыстарды шығаруы мен тәжуид ережелерін сақтауына аса мән берілді. 
Құран жарысына  қатысушылар  «Құран Кәрімнің 30 парасын(100 амма) жатқа оқу»  бойынша бақ сынасты. 
Сайыс шарты бойынша үміткерлердің тәжуиді мен махраджына, Азанды әуезді айтуына мән беріліп, нәтижесінде төменде көрсетілген бақ сынаушылар жүлделі орынға ие болды. Атап айтқанда :
І-орын -  Амандосов Айбол (100 000 тг) 
ІІ-орын – Аймағанбетов Болатбек (50 000 тг) 
ІІІ-орын – Берік Нурболат (30 000 тг) 
 
Сайысқа қатысқан  барлық қатысушыларға да ынталандыру алғыс хаттары  үлестірілді. Алла Тағала қасиетті Құранды кітап күйінде ғана емес адамдар арқылы, осындай қариларымыз арқылы  сақтап отырады. Сондықтан, бәйгені ұйымдастыру да  Алла жолындағы мәртебелі қызмет.
Осындай игі сайысы ұйымдастыруга мұрындық болған облыстық «Зекет» қайырымдылық қорына және демеушілерге алғысымыз шексіз
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі 

 

Ihsan.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары