Тілдік нұсқа
Радио

Фото

Әйел күннің шуағы!
22 ақпан, 2021 жыл 107 Басып шығару нұсқасы


Бірде  Пайғамбарымызға с.а.с. бір кісі келіп, Одан  Әйелдердің қандай ақылары барлығын және қандай құқықтарын сақтауы қажеттігін  сұрады. Сонда Пайғамбар с.а.с. оған: “ – Өзің тамақтанғанда, оны да тамақтандыр. Өзіңе киім сатып алсаң, оған да алып бер. Оның бетінен ұрма, ұрысқаннан соң мазақ қылма, жалғыз өзін үйде қалдырма” –деді. 
Қазақ халқы: «Әйел күннің шуағынан жаралған» деп дәріптеген. Ата-бабамыз қашанда қыз балаға ерекше қараған. Өмірдің ащы-тұщысын көріп ысыла берсін, тұяғы тасқа салса кетілер, суға салса жетілер деген оймен ұлын жел өтінде ұстаса, қызын аз күндік қонағым, алтынның сынығы, шұғаның қиығы деп, бөркінің төбесіне үкі қадап үлпілдетіп өсірген. Оны аялап, мәпелеген.
Мұсылман діні келгенге дейін Араб қоғамында қыз баланы асыраудан қашатын, ұлды артық көріп, қызды болғанына күйініп, қатты ызаланатындар да бар еді. Бұндай жауыз мінездің асқынғаны сонша – жаңа туған нәзік жанды шарананы шімірікпестен тірідей өлімге қиып, аулаққа апарып көміп тастайтындары да кездесетін. Ислам әйел затын осыдан құтқарды.  Ислам діні алғашқы уақыттардан бастап-ақ әйел затының жанұядағы әрі қоғамдағы орнын белгіледі. Өзіне тиесілі міндетін нақтылап, ар-ұяты мен абыройын қорғады. Сүйкімді қыз, сүйікті жар, аяулы ана ретінде беделін өсірді. Дініміздің әйелдерге зор қамқорлық жасауы – бар¬ша әйел за¬ты үшін адам¬зат тарихындағы теңдессіз оқиға болды. Раббымыз Алла, өзінің Кәләмі –Құранда  әйел затының  құқықтары жайлы “Ән-ниса”,“Мәриям”,“Нұр”, “Мұмтахина”,“Тахрим” сынды көптеген орындарда сөз етіп, оның  мәртебесін көтерді.Өзіндік хақтарын белгілеп берді.  “Ерлердің әйелдердегі хақтары сияқты, әйелдердің де ерлерде белгілі хақтары бар” (“Бақара”сүресі, 228-аят).
Қазақта: “Әйел–қырық шырақты ” дейді. Өйткені, әйел бір қолымен бесік тербетсе, бір қолымен әлемді тербетеді. Ол сан түрлі сынға сабырмен шыдап, төзіммен төзе біледі. Десек те, пенде болып жаратылған соң кейде төзім теңізінің таусылып, сабыр бұлағының сарқылатын сәттері де болады. Егер әйел ерінен қиындық көрсе, бірақ оған сабырлық танытып, ошағын сақтап қалуға тырысса, онда ол әйелге Алланың құзырында үлкен сый, сансыз сауаптар жазылады.Ол жайында былай делінген: “Егер әйел күйеуінің жәбіріне шыдап, “бойұсындым” десе, Алла оның “бойұсындым”  деген сөзінен, Аллаға мадақ айтатын бір періште жаратады. Міне сол Періштенің Аллаға айтқан мадағынан болған сауап әлгі әйелдің  амалына жазылады”.  Алла Тағала тұрмыстағы әйелге әуелі, күйеуіне бойұсынуды бұйырды. Егер әйел салихалы болып, күйеуінің разылығына бөленсе, онда ол әйелге жәннат сүйіншіленді. Ол жайлы асыл Пайғамбар с.а.с.: “Күйеуін разы еткен мұсылман әйел өмірден өтсе, жәннаттық болады”–деді.
Пайғамбарлардың сұлтаны Мұхаммед с.а.с. еркек хауымын өзінің отбасына бас болып,ондағы әлсіздерге қамқорлық танытып, оларға әрдайым жақсы мәміледе болуға шақырды. Егер, ер әйелінің кемшіл тұстарын көріп,оған көңілі толмаса,онда оны басқа да жағымды қасиеттері арқылы жақсы көруге тырысу керектігін ескертті: “Әйелдерге жақсы қарым-қатынаста болыңдар. Негізінде әйел қабырғаның жоғарғы бөлігіндегі қисығынан жаратылған.. Оны түзегің келсе, сындырып аласың.  Ал егер өз қалпында қалдырсаң, сол қисайған күйінде қалады. Осы себепті әйелдермен (әруақытта) жақсы мәміледе болыңдар”.

Айтқазин Рауан 
Балқаш қалалық мешітінің наиб имамы

Ihsan.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары