Тілдік нұсқа
Радио

Фото

Теміртауда «Зират және зиярат мәдениеті» құжатын насихаттауға арналған жиын өтті
23 ақпан, 2021 жыл 201 Басып шығару нұсқасы

Қазақстан мұсылдары діни басқармасының 30 жылдық мерейтойына орай өткен «Ислам – мәдениет пен ізгіліктің бастауы» атты имамдардың IV республикалық онлайн форумында «Зират және зиярат мәдениеті» атты жаңа құжат қабылданған болатын. Осыған орай аталған құжатты таныстыру мақсатында Теміртау орталық мешітінде алқалы жиын өтті.
 
Теміртау қаласының бас имамы Естай Айтуғанұлының төрағалығымен өткен жиынға қалаға қарасты мешіттердің имамдары, ұстаздары және қызметкерлері қатысты.
«ҚМДБ-ның бұл құжатты қабылдаудағы басты мақсаты – еліміздің түкпір-түкпірінде зират көтеру мәдениетіне қатысты ұстанымдарды, әсіресе теңдік ұстанымы мен құлпытас қою мәдениетін, сондай-ақ зиярат жасаудың әдебін қалыптастыру болып табылады.  Осыған байланысты, біз жергілікті жамағатқа аталмыш құжатта көрсетілген барлық ұстанымдарды дұрыс әрі толық түсіндіріп, жеткізуіміз тиіс», деді бас имам Естай Айтуғанұлы.
 
Алдағы уақытта, жергілікті дін қызметкерлері аталмыш құжат бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізетін болады.

ihsan.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары