Тілдік нұсқа
Радио

Фото

«Әйелдің әлемі әдемі» атты рухани іс-шара өтті
02 наурыз, 2021 жыл 737 Басып шығару нұсқасы

Ислам дінінде әйел адамның қоғамдағы орны айрықша бағаланады. Яғни, әйелдер қауымының құқықтарын ерекше жоғары деңгейге көтеріп, қоғамдағы орнын айқындап берген ислам діні өзге діндерден оқ бойы озық тұрады. 

Қарағанды қалалық «Әл Машани» мешітінің , «Әйел-қыздар» секторының және Қазақстан Халқы Ассамблеясы жанындағы аналар кеңесінің ұйымдастыруымен «Әйелдің әлемі әдемі» атты рухани кеш өтті. Шырайлы көктемнің алғашқы күні ұйымдастырылған шара Қарағанды шаһарындағы «Достық үйі» ғимаратында өтті. Семинар барысында Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің бас имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлы Өзінің уағыз-насихаты мен ыстық тілегін білдірді. Рухани кешті Қали Байжанов атындағы концерттік бірлестіктің жүргізушісі Кәріпжанова Мейрамгүл Сейілхақызы жүргізді. Шара барысында облысық мешіттің  ұстазы, «Әйел қыздар» секторының өңір бойынша жауапты өкілі Бакирова Арай Серғалиқызы «Әйелдің рухани әлемі» атты баяндама оқыды. Сондай-ақ, Қарағанды қалалық «Әл Машани» және Қарағанды қалалық «Бала қажы» мешітінің ұстазы Бақытгүл Айтқалиқызы  «Әйелдің отбасылық әлемі» атты баяндама оқып, жиынға қатысушыларға әсерлі уағыз-насихатымен бөлісті. Дәл осынай, нәзік жандыларға арналған баяндаманы Қарағаны қалалық «Әл Машани» мешітінің  ұстазы Гүлжазира  Ақназарова «Қыздар әлемі» атты тақырыпта жалғастырды. ҚХА жанындағы  «Аналар кеңесінің төрайымының орынбасары «Талбесік» көп балалар қоғамдық бірлестігінің жетекшісі  «Қазіргі қоғамдағы әйел бейнесі»  баяндамасын оқыды. Рухани кеш барысында облыстық Қ.Байжанов атындағы  концерттік бірлестіктің әншілері  « Аяулы ана», «Айқаракөз», «Ана», «Ару ғұмыр», әндерін орындады.  С. Сейфуллин  атындағы театрдың әртістері және мешіт шәкірттерінің бірігуімен «Ене ақылы» атты комедия жанрындағы қойылымы орындалды. Ақұштап  Бақтыгерееваның «Сіңіліме сыр» монологы оқылды.

Рухани кешке құрметті қонақ ретіне келген ақ жаулықты әжелер мен аяулы аналарға, қыз-келіншіктерге гүл шоқтарын тарту етілді. Берекелі шараға келген аяулы аналар, қыз келіншектер өздерінің ыстық лебізі мен алғысын білдірді. 

ihsan.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары