Тілдік нұсқа
Радио

Фото

«Әл-Машани» мешітінің ұйымдастыруымен «Иқра» атты кітап оқу шарасы өтті
03 наурыз, 2021 жыл 209 Басып шығару нұсқасы

 Ғаламдық мəдениеттің бір бөлігін кітап құрайды. Кітап оқу – білімге ұмтылысты, дүниетанымды кеңейтуді, адамның өзін тануын білдіреді.

Пайғамбарымыз (Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай деген: «Садақаның ең жақсысы – ілім үйреніп, оны басқаларға үйретуі».

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты Қарағанды қалалық «Әл-Машани» мешітінің жанынан"Иқра" атты онлайн кітап оқу бағдарламасы ашылған болатын. Соңғы 6 ай ішінде, әр ай сайын бір діни және бір әдеби кітап оқып ай соңында тест жасап шәкірттерге ақшалай сыйақы береліп келді. Жиырмаға жуық шәкірттер әр қалалардан тіркеліп қатысып келеді.Соған байланысты кезекті «Иқра» атты кітап оқу бағдарламасында “Сахабалар салған сара жол” кітабын оқып ай соңында оналайн тест жасап жеңімпаздарын анықтадық.

Жасалған емтиханның қорытындысына байланысты:

1-орынды: Бірлескен Шынар (Астана қаласы)

2-орынды: Шайкенова Айгерім (Қарағанды қаласы)

3-орынды: Алпысбаев Темірлан (Қарағанды қаласы)

шәкірттеріміз иеленді.

Шәкірттерімізге сыйлық ретінде «Аятул курси жазылған ислами панолары» берілді.

ihsan.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары