Тілдік нұсқа
Радио

Фото

Қарқаралы ауданында діни ахуал тұрақты
04 наурыз, 2021 жыл 216 Басып шығару нұсқасы

Бүгін ҚМДБ- ның Қарағанды облысына қарасты Қарқаралы ауданының имамы Митератбек Құбылайханов аймаққа қарасты ауыл мешіттеріне бақылау-басқару жұмыстарын жүргізді. Мешіттердің бүгінгі тыныс-тіршілігімен танысып, дін қызметкерлерімен арнайы кездесу ұйымдастырды. Сондай-ақ, ауыл жамағаты мен ақсақалдарымен арнайы кездесу өткізді. Қызметтік іс-сапар барысында ауыл жамағаты мен тұрғындарына, Алла үйіне келушілерге "Мешіт әдебі" тақырыбында түсіндірме жұмысын жүргізді. "Ихсан іліміне" қатысты уағыз насихат айтып, пікірталас жүргізді. Кездесу барысында ауыл жамағатына иман журналдарымен мұнара газеттері тарту етілді. Ауыл кітапханасында арнайы жиын өтіп, бірнеше мәселелер талқыға салынып, алдағы уақытқа жоспарлар бікітілді. 

ҚМДБ-ның қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары