Тілдік нұсқа
Радио

Фото

«Азайып бара жатыр қариялар...»
14 наурыз, 2021 жыл 132 Басып шығару нұсқасы

Ақиқатты айқындап жариялар,
Бара жатыр азайып қариялар.
Дауыл тұрса, бүлк етіп толқымайтын,
Бара жатыр сарқылып дариялар…
Неменеге жетістің, бала батыр?
Қариялар азайып бара жатыр.
Бірі мініп келместің кемесіне,
Бірі күтіп, әнеки, жағада тұр.
ҚМДБ – ның  Қарағанды қалалық «Бала-қажы» мешітінің және «Ғинаят» қоғамдық қорының бірлесіп ұйымдастыруымен Қарағанды қаласында орналасқан “Забота” қарттар мен мүгедектер үйінде игі шара жүзеге асты. Қариялармен кездесу барысында берекелі дастархан жайылып, ізгі тілектер мен бата берілді. Әсерлі уағыз – насихат айтылып, дархан көңілді асыл жандардың жанарларына қуаныш, жүздеріне шаттық сыйлады. «Карты бар үйдің қазынасы бар», - дейді емес пе қазақта?! Екі көздің нұрындай болған ақ сақалды қарттарымыз бен ақ жаулықты қария әжелерімізді көз тірісінде құрметтеп, қадір тұтайық.
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз
Назира Байназар

 

Ihsan.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары