Тілдік нұсқа
Радио

Фото

Теміртауда кезекті қайырымдылық шарапаты жүзеге асты
16 наурыз, 2021 жыл 198 Басып шығару нұсқасы

ҚМДБ-ның Уағыз-насихат бөлімінің Әйел-қыздар секторы барлық мешіттер жанынан әйел-қыздар бөлімдерінің қызметін жандандыру және жетілдіруді тапсырған болатын. Осыған орай Теміртау орталық мешітіне қарасты әйел-қыздар секторы көптеген ізгі шараларды ұйымдастыруда.
 
Бүгін орталық мешіттің Әйел-қыздар секторының ұйытқы болуымен жүзеге асқан «Қайырымдылық – қайырлы іс» шарасы барысында жергілікті әлеуметтік жағдайы төмен 30 жанұяға азық-түлік себеттері үлестірілді. Іс-шараға белгілі-бір себептермен келе алмаған жанұялардың үлесі «Sauap» орталығына қарасты еріктілердің көмегімен тұрғылықты үйлеріне дейін жеткізіліп, қолма-қол табысталды.
 
«Дана халқымыз «Әйел бір қолымен әлемді, екінші қолымен бесікті тербетеді» деп бекер айтпаса керек. Әйел тек отбасының ұйытқысы ғана емес, сонымен қатар, қоғамдық өмірдің өзге де салаларында белсенді бола алады. Мешітіміздің әйел-қыздар секторының ұйымдастырған бүгінгі шарасы, осы сөздеріміздің айқын дәлелі. Осындай шаралар алдағы уақытта да өз жалғасын табатын болады», – деді Теміртау орталық мешітінің бас имамы Естай Айтуғанұлы

ihsan.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары