Тілдік нұсқа
Радио

Фото

«Имандылық айнасы» Жәйрем кентінде мектеп оқушыларымен кездесу өтті
17 наурыз, 2021 жыл 448 Басып шығару нұсқасы


«Әрбір ақылды адамға иман парыз,
Әрбір иманды адамға ғибадат парыз», - деген Абай бабамыз.
Бүгін ҚМДБ-ның Қарағанды облысына қарасты Жәйрем кенті мешітінің имамы Акмағанбетов Мурсали Қаленұлының арнайы қатысуымен 5 және 10 – сынып мектеп оқушыларының арасында «Имандылық айнасы» атты сыр сұхбат болып өтті. Шарада жергілікті мешіт имамы жас өренге өнеге мен тәрбиелі маңызға ие уағыз насихат айтты. Шараның басты мақсаты жеткіншектерді имандылық пен ибалыққа баулу, асыл дініміздің нәрімен сусындату. Келелі кездесу барысында мектеп оқушылары наурыз мейрамына орай мерекелік бағдарламаларын ұсынып қазақы ән шырқап, күмбірлеген күйге қазақы ұлттық биін биледі.
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі 
Назира Байназар 

 

Ihsan.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары