Тілдік нұсқа
Радио

Фото

Шет ауданы: «Жат ағымның белең алуы» студенттермен кездесу болып өтті
18 наурыз, 2021 жыл 130 Басып шығару нұсқасы

Шет ауданы:«Жат ағымның белең алуы» студенттермен кездесу болып өтті 
Қарағанды облысына қарасты Шет ауданы, Жанқұтты би мешітінің ұстазы  Маханбетчин Қарубай Берікұлы Агротехникалық колледжінің студенттерімен «Жат ағымның белең алуы» тақырыбында лекция жүргізді. Кездесудің мақсаты деструктивті діни керағар ағымдардың алдын алу. Ағымдар қайдан шықты, қалай болды деген сұрақтарға тоқталып өту. 
Кездесу барысында ақида (сенім) мәселесі және фиқһ мәселелері қамтылды. 
Сенім мәселесінде:  Имам Матуриди және Ашғари жайында, олардың сенімі қандай болғанын  Қ.Маханбетчин толыққанды ақпарат беріп, дәлелдер келтіріп өтті.  Сонымен қатар, жат ағымның алдын алу мақсатында діннің негізі болған ақида мәселелері қозғалып, түсіндіріліп өтті.  
Фиқһ және мәзһаб жайында: Қазақ халқының еншісіне тиген «Әһли сунна уәл жамағат» оның ішінде Абу Ханифаның (р.а) мәзһабы жөнінде түсіндіріліп. оның ерекшеліктері жайлы толыққанды ақпарат беріліді. Студенттерге қазақ халқының салт-дәстүріне қатысты мәселелері де айтылып өтті. Яғни, дұғадан кейін бет сипау және дүниеден өткен әруақтарға құран бағыштауды дініміздегі жат нәрсе ретінде санамау мәселелер жайында ашып түсіндіріп, дәлел ретінде бірқатар хадистер айтылды.
Сонымен қатар,  мемлекеттің қойған заңдарын сыйлау және басшылыққа қарсы шықпау және  ҚМДБ-ның бекіткен ұстанымымен жүру керек екендігі айтылды. Әлеуметтік  желідегі діни ақпараттарды, видео материялдарды (уағыз,насихат) тек ҚМДБ-ға тіркелген имам, ұстаздардың дүниесін тыңдау керек екендігі жайлы айтылып, басқа бір белгісіз адамдардың дүниесін тыңдамауға кеңес берілді.
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі 

 

Ihsan.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары