Тілдік нұсқа
Радио

Фото

Сәтбаев қалалық «Балмағанбет Балқыбайұлы» мешіті: Колледж студенттерімен кездесу
18 наурыз, 2021 жыл 445 Басып шығару нұсқасы

Алланың Елшісі болған, біз үшін басты үлгі-өнеге иесі Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Өзіңе де, өзгеге де зиян тигізбе!» - деген мағынадағы керемет хадис қалдырған. Көлемі қысқа болса да, мағынасы терең болған аталмыш хадиске амал қылуымыз  - біз үшін міндет!

Сәтбаев қалалық «Балмағанбет Балқыбайұлы» мешітінің бас имамы Қондыбай Серікбайұлы Сәтбаев индустриялдық колледжінің студенттерімен кездесу өткізді. Аталмыш кездесу жоғарыда аталған хадиске сай «қоғамдағы құқықбұзушылықтың алдын алу» тақырыбында өтті. 

«Қоғам ішінде бүлікшілік пен алауыздықты тоқтату – әрбір мұсылманның міндеті. Құран аяттары мен Пайғамбарымыздың хадистері біздерге осыны бұйырады. Қоғамның бірлігі мен ынтымағы үшін жеке мүддеден бас тарта білу иманның кемелдігіне жатады. Әлемдік діндердің ешбірі қоғам тыныштығын бұзуға рұқсат бермейді», - деді мешіт бас имамы.

Кездесуде қоғамда тыныштықты сақтау, мұсылманның өзгеге зиян тигізбеуі, кісі ақысын жемеу, тәртіпке бағыну секілді мәселелер Пайғамбарымыздың өмірімен, сахабалардың тарихымен айшықталды.

ҚМДБ – Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

ihsan.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары