Тілдік нұсқа
Радио

Фото

Теміртауда оқу-ағарту бағытына қатысты жиын өтті
18 наурыз, 2021 жыл 85 Басып шығару нұсқасы

ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Діни басқарманың кеңейтілген Төралқа мәжілісінде барша дін қызметкеріне бағдарламалық баяндамасын жолдап, мүфтият қызметінің жеті бағытын айқындаған болатын. Осы жеті бағыттың бірі – оқу-ағарту және кадрлық әлеует болып табылады.
 
Оқу-ағарту және кадрлық әлеует бағыты бойынша жұмыс жоспарын пысықтау мақсатында Теміртау қаласының бас имамы Естай Айтуғанұлының төрағалығымен жиналыс өтті. Алқалы жиынға шаһарға қарасты мешіттердің имамдары, ұстаздары және қызметкерлері қатысты.
 
​Алғы сөзді алған Естай Айтуғанұлы жергілікті мешіттердің жанындағы сауат ашу курстарының жұмысын жандандыру, жаңа пәндер бойынша дәрістер оқу, санитарлық-эпидемиологиялық жағдайға байланысты дәрістерді онлайн форматта өткізуге көңіл бөлу керектігін айтып өтті. Сонымен қоса, кадрлық әлеует мәселесін тілге тиек етіп:
 
«Дін қызметкерлерінің біліктілігін тек діни тұрғыдан емес зайырлылық, заңнамалық тұрғыдан арттыруға көп көңіл бөлуіміз қажет. Оқу-ағарту және кадрлық әлеует бағытындағы жұмыстарға ерекше назар аударуымыз керек», деп айтты.
 
Жиналыс соңында бас имам дін қызметкерлеріне бірқатар тапсырмалар беріп, нақты міндеттер жүктеді.

ҚМДБ – Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

ihsan.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары