Тілдік нұсқа
Радио

Фото

«Қыз өссе елдің көркі…»
19 наурыз, 2021 жыл 362 Басып шығару нұсқасы

«Қыз өссе елдің көркі деген сөзді,

Қапысыз қалай айтқан, қайран бабам?!»

Асылдан қымбат құндылығымызға айналған салт – дәстүріміз қашан да ескірмек емес. Ата – дәстүр салтымыздың бастысы әрі бірегейі Әз – Наурыз! Осы берекелі мерекенің қарсаңында Қарағанды облысына қарасты Сәтбаев қалалық "Балмағанбет Балқыбайұлы" мешітінде қыз – келіншектер сайысы болып өтті. Шараның басты мақсаты арайлы көкем мерекесінде  қырмызы қыздарды болашақ өмірге, келіндік, аналық міндеттерге баулу. Осы себепті өткен шарада нәзік жандар арасында өнер сайысы өтіп, ас дайындалды. Қамыр жаю байқауы бағаланып, ұлттық үлгідегі сән үлгісі насихатталды. Көрініс қойылып, дәстүрлі ән де шырқалды. Ақ дастархан басында бас қосқан Сәтбаев қаласының ақ жаулықты аналары  өзінікі бағасын беріп, ерекше әсер алды. Ұлтымыздың  болашағының негізі болар қыздарымыз ертеңге ел анасы. «Қызды қырық үйден тыю», - деп дана халқымыз бекер айтпаған. Ендеше, салт-дәстүріміздің құндылықтарымен сусындап өскен ұл – қыздарымыз ұлттық тәрбиеден ада болмақ емес!

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

Назира Байназар

ihsan.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары