Тілдік нұсқа
Радио

Фото

Сәтбаев қаласы: жиырма отбасына азық – түлік теңдей үлестірілді
19 наурыз, 2021 жыл 210 Басып шығару нұсқасы

Қарағанды облысына қарасты Сәтбаев қалалық «Балмағанбет Балқыбайұлы» мешіті дәстүрлі мерекені ұлықтап қойма бұл күні қайырымдылық іс - шараға да назар салды. Игі жақсылар мен жомарт жандардың демеуі мен қолдауының арқасында аталмыш мешітте жиырма отбасына азық – түлік теңдей үлестірілді. «Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің», - дейді емес пе қазақта?! Осындай шарапатты шараны ұйымдастыруға мұрындық болып, істің басы-қасында жүрген мешіттің имамы Кондыбай Серікбайұлына көмек алушы жандардың тарапынан үлкен алғыс айтылып, ризашылықтарын білдірді.

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

ihsan.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары