Тілдік нұсқа
Радио

Фото

Қарағайлы кентінде он отбасына азық-түлік үлестірілді
25 наурыз, 2021 жыл 602 Басып шығару нұсқасы

Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, Қарағайлы кентінің «Ақ» мешітінің  жамағатының ұйымдастырумен «КЕҢ БОЛСАҢ КЕМ БОЛМАЙСЫҢ» атты қайырымдылық жәрмеңкесі өтті.  Жәрмеікеден жиналған қаражат арқылы айтулы мереке қарсаңында мешіт жамағатының атынан  10 отбасына азық-түлік таратылды. Осы орайда игі әрі берекелі шараға ат салысқан барша ауылдың жомарт жандары мен  мешіт жамағатына Алла разы болсын!

    Расында, адамның ең жақсысы - басқаларға пайдалы болғаны, ал амалдардың ішіндегі Аллаға ең сүйіктісі - адамдардың жүрегіне қуаныш сыйлау.

   Жалғыз Алланың разылығын табу жолында аянып қалмай, қайыр қылудан қалыс қалмайық.

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы  бойынша баспасөз қызметі

ihsan.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары