Тілдік нұсқа
Радио

Фото

Қарағанды: Жамағатқа «Ас беру және Зиярат әдептері» насихатталды (фото)
26 наурыз, 2021 жыл 130 Басып шығару нұсқасы

Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті кітапханасында   «Ас беру мәдениеті» құжаты бойынша мешіт ақсақалдары мен жамағатына арнайы жиын өтті.

Қарағанды облысының бас имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлының төрағалығымен өткен жиынға мешіт қызметкерлері мен жамағаты қатысты. Облыс бас имамы жиынға қатысушыларға аталмыш құжатты қабылдаудағы мақсат – еліміздің барлық аймағы бойынша құдайы астарды шариғат шеңберінде, салт-дәстүр аясында өткізу және кейбір отбасылардың әлеуметтік жағдайына салмақ салмайтын, ысырапқа жол бермейтін ас беру мәдениетін қалыптастыру және оны насихаттау екендігін айтып түсіндірді. Осы орайда, жамағатқа құжатта көрсетілген барлық талаптарды берік ұстанып, оны барынша халыққа насихаттау керек екенін айтып өтті. Сондай ақ, зиярат әдептеріне қатысты жеке ережелер де терең қозғалып, құжаттың талаптары мен ережелері толық қамтылған буктемелер таратылды. Рухани жиын барысында «Ихсан ілімі» бойынша насихат айтылып, «Рухани кемелдік және Ораза құндылықтары» атты кітабы сыйға берілді.  

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

ihsan.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары