Тілдік нұсқа
Радио

Фото

Қарағанды облысының бас имамы Дін істер басқармасының басшысымен кездесті
02 сәуір, 2021 жыл 264 Басып шығару нұсқасы

Тәуелсіздіктің басты құндылығы тұрақтылық. Оны ешбір игілікпен салыстыруға да, алмастыруға да болмайды. Оның баянды болуы үшін қадірін бағалай білуіміз керек. ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша бас имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлы Қарағанды облыстық Дін істер басқармасының басшысы Халел Дулат Қанышұлымен кездесті. Келелі кездесу барысында Қарағанды облысының діни ахуалы мен мешіттердің қазіргі тынысы  талқыланды. Елдегі тұрақтылықтың ұйытқысы болып отырған дін қызметкерлерінің иығына артылып отырған жүктің жауапкершілікпен атқарылып жатқанын облыс бас имамы тілге тиек етті. Тәуелсіздіктің 30-жылдық мерей-тойы қарсаңында ҚМДБ-ның тарапынан арнайы берілген тапсырмалары аясында облыс көлемінде өткізіліп жатқан түрлі іс-шараларға шолу жасалып, бекітілген бірнеше құжаттар бойынша жүзеге асып жатқан жобаларды саралады. Сондай-ақ, алда келет жатқан мың айдан да қайырлы қасиетті Рамазан айына деген дайындық пысықталып, бірнеше жоспарлар мен жобаларды жүзеге асыру талықа салынды.

 
Назира Байназарова

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы  бойынша баспасөз қызметі

 

ihsan.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары