Тілдік нұсқа
Радио

Фото

«Қазыбек би» мешітінің имамы ұстаздармен кездесу өткізді
02 сәуір, 2021 жыл 122 Басып шығару нұсқасы

Жастар – кез келген қоғамның болашағы мен қозғаушы күші. 

Мемлекеттің тұрақты дамуының негізі – бәсекеге қабілетті жастар буыны, ал бұл тікелей жас қазақстандықтардың білім мен білік сапасына, олардың ұмтылысы мен ынтасына байланысты. Ал, жастардың дұрыс әрі турашыл болуына ықпал ететін жанның бірі - ұстаз. 

Қарағанды облысына қарасты «Қазыбек би» мешітінің имамы Абдрахманов Ысқақ Рахимбекұлы дінтану, тарих, психология пәндерінің ұстаздарымен арнайы кездесу өткізді. Ұлағатты ұстаздармен келелі кездесу өткізудің басты мақсаты өмірге енді қанат қаққалы жатқан болашақ түлектерге дұрыс таңдау жасауға ықпал ету. Жастармен ұстаз арасына тығыз байланыс орнатып, қоғамнан өзіндік орнын табуда қолдау көрсету. Кездесуде имам ұстаздарға осы мәселелер бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, қазіргі жастардың келбеті мен ұстанымын, олардың таңдауына қалай ықпал ету керек және жастармен қалай байланыс орнату жолын талқылады. ҚМДБ-ның тарапынан бекітілген "Ихсан ілімі" такырыбы насихатталды. Сондай-ақ, қазіргі уақытта белең алып отырған жат ағымның алдын-алу үшін дінтану, тарих және психология ұстаздарының алар орны мен маңызын ерекше айтып өтті. Ұстаздарың бірнеше сұрақтарына жауап берілді.

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы  бойынша баспасөз қызметі

 

 

ihsan.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары