Тілдік нұсқа
Радио

Фото

«Бала қажы» мешітінде «Ас беру мәдениеті» мен «Зират және зиярат» құжаттары түсіндірілді
05 сәуір, 2021 жыл 37 Басып шығару нұсқасы

Елордада өткен «Ислам – мәдениет пен ізгіліктің бастауы» атты имамдардың IV республикалық онлайн-форумында «Зират және зиярат» және «Ас беру мәдениеті» құжаты қабылданған болатын. Бұл құжатты қабылдаудағы негізгі мақсат – еліміздің барлық аймағы бойынша құдайы астарды шариғат шеңберінде, салт-дәстүр аясында өткізу. Сонымен қатар, кейбір отбасылардың әлеуметтік жағдайына салмақ салмайтын, ысырапқа жол бермейтін ас беру мәдениетін қалыптастыру және оны насихаттау. Дәл сол секілді, «Зират және зиярат» мәдениеті құжатында зиярат жасаудың әдебі, марқұмдарға сәлем беру, Құран оқу, зиратта көңіл бөлінетін жайттар, кесенелерді зиярат жасау, әйелдердің зиярат жасауы сынды бірқатар мәселелерге айрықша мән берілген. Бүгінде зиярат жасауды бір тәртіпке келтіріп, жалпыға ортақ мәдениетті қалыптастыру – аса маңызды істің бірі. Құжат осы мақсатты көздейді Осы маңызды құжаттарды жергілікті жамағатқа насихаттау мақсатында Қарағанды қалалық «Бала қажы»  мешітінде осы екі құжат бойынша бойынша мешіт ақсақалдарымен жиын өтті.  Келелі кездесуге Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің наиб имамы Құмар Қоныскерей және Абильдаев Бақдаулет,  «Бала қажы» мешітінің  наиб имамы Асқар Мейрамбекұлы қатысып, шараға қатысушыларға  құжатты толығымен түсіндірді. Сұрақтарға жауап беріліп, пікірлерін тыңдады.

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

ihsan.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары