Тілдік нұсқа
Радио

Фото

Ақтоғай аудандық мешіті: «Рамазан» кубогы атты кіші футбол лигасы өтті
07 сәуір, 2021 жыл 41 Басып шығару нұсқасы

Спорттың маңызды артықшылықтарының бірі – жастарды жаман әдеттерден аулақ ұстау. Ислам діні ішімдік, құмар ойыны, есірткі сияқты зиянды әдеттерге тыйым салатындығын ескере отырып, осындай зияндардан қорғайтын функциясы бар спорттық іс-әрекеттерді діни тұрғыдан мақұлдау керек екендігі қарастырылған.     Хз. Пайғамбарымыздың иманнан кейінгі ең жоғарғы қасиет ретінде көрсеткен адалдық қағидасы, спортқа да қатысты. Дініміздің спортқа көңіл бөлуінің негізгі мақсаты - тән саулығын сақтай отырып, қуатты күш арқылы құлшылығын құлшынып жасауына және елдің іргесін жау шапқан жағдайда онымен қарсы күресе алатындай қайратты болу. Осы орайда, Қарағанды облысына қарасты  Ақтоғай аудандық мешіті Рамазан айының құрметіне орай жамағаттар арасында «Рамазан» кубогын тігіп, кіші футбол лигасын өткізді.

Шара барысында аудан имамы Рысбай Асыл Көкешұлы  жарысқа қатысушы жастарға "Спорт денсаулық кепілі" тақырыбында уағыз айтып, салтанатты шараны ашып берді. Алдағы уақытта «Рамазан» кубогы екі айда бір рет ұйымдастырылатын болады.

Мұсылман баласы әрдайым шыныға жүріп, кез келген жағдайға әзір екенін дәлелдеуі тиіс. Сол үшін адамзаттың бақытты өмір сүруіне жол сілтеген рахым пайғамбары Мұхаммед (с.ғ.с.) сахабаларға спорттың  түрлерін меңгеруге шақырған.

ihsan.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары