Тілдік нұсқа
Радио

Фото

Католик шіркеуінің дін басшылары облыс бас имамын Рамазан айымен құттықтады
15 сәуір, 2021 жыл 242 Басып шығару нұсқасы

Қазақстандағы дінаралық диалог бойынша Папалық кеңесі, Католик шіркеуінің басшылығы ҚМДБ-ның Қарағанды облысының бас имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлын қасиетті Рамазан айымен құттықтап, ауызашар дастарханын жайды. 

Орта Азиядағы грек католиктерінің апостолдық өкілі Василий Говера облыс бас имамын және барша мұсылмандарды Рамазан айымен құттықтап,  дінаралық диалог бойынша Папа кеңесінің перзиденті Мигель Анхель Кардинал Аюсо Гишоттың арнайы құттықтауын жеткізді.

Қасиетті Рамазан айы адамды рухани кемелдікке жетелеп, отбасындағы татулықты сақтай отырып, көрші мен Отанға деген махабатты арттыра түсетінін жеткізіп, «Көптеген жылдар бойы   мұсылмандармен бірге христиан өкілдері  тату-тәтті, бейбітшілік аспанында ғұмыр кешіп келеді. Ендігі мақсатымызда осы ауызбіршілікті одан әрі сақтап, қазіргі пандемия уақытында халыққа сенім үміті мен рухани күш сыйлау бағытында біріге қызмет етіп, ынтымағымызды арттыра түсу.

Барша мұсылман қауымын Рамазан айымен құттықтаймыз! Сіздерге тек мықты денсаулық, тыныштық пен игілік тілеймін!» делінген құттықтау хатында.

Берекелі мейраммен құттықтау шарасына Алматы қаласының Қазақстан католиктік епископтары конференциясының төрағасы Епископ Хосе Луис Мумбиела Сьерра,  Атырау қаласы апостолдық өкілі Питер Сакмар, Архиепископ Томаш Пата, епископ Аделио Дель Оро, епископ Атаназиус Шнайдер, Викар генерал Евгений Зинковский қатысып, Қарағанды облысының бас иамы Өмірзақ қажы Қазкенұлына және барша мұсылман қауымына қасиетті айдың басталуымен құттықтады.

Бұған дейін Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев елге жасаған Үндеуінде атап өткендей «Конфессияаралық келісім елдің дамуына әсер ететін ең үлкен фактор. Біз болашағымыздың іртетасын дәл осы бірлік пен ынтымақ тұрғысынан қалағандықтан алға қарай сеніммен қадам басамыз» деген еді.  Ислам дінінің бейбітшілік пен тыныштықты, дінаралық, ұлтаралық татулықты, рухани бірлігімізді, адам құқығының ғасырлар бойғы мұраларын сақтап, нығайтудағы игі әсері ұшан-теңіз. Асыл дініміздің ұлағатты да тәрбиелі қағидаларынан дінаралық татулық пен үйлесімнің адамзат атаулының алдында киелі борыш екенін ескерсек, сол киелі борышымызды әр саналы азамат тиесілі дәрежеде атқарса, қоғамымыздың тыныш та бейбіт ғұмыр кешетініне біздің күмәніміз жоқ. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың өз сөзінде: «Әлемде бір ғана қауым бар, ол – адамзат қауымдастығы. Бір ғана жаратушы бар, ол – Алла Тағала. Бір ғана тіл бар, ол – жүрек тілі. Ендеше барша адамзаттың тілегі бір», – деп атап өтеді. Олай болса, осы татулық пен ізгілік жолында Ұлы Жаратушымыз біздерге имандылық пен тақуалықты, береке-бірлік пен өркендеуді нәсіп етсін!

ihsan.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары