Тілдік нұсқа
Радио

Фото

«Балақажы» мешітінде отыз отбасына азық-түлік үлестірілді
19 сәуір, 2021 жыл 348 Басып шығару нұсқасы

Қасиетті Рамазан айында шаһарымызда  жомарт жандардың ат салысуымен көптеген қайырымылық шаралары жүзеге асып, мұң-мұқтаждардың жанына демеу, көңілдеріне қуаныш сыйлайтын шарапатты шаралар ұйымдастырылып келеді. Осындай игі істің бірі Қарағанды қалалық «Балақажы» мешітінде болып өтті. «Қайырымдылық жасасаң-қайырын өзің көресің»,-демекші, шара барысында әлеуметтік көмекке мұқтаж отыз отбасына азы-түлік үлестірілді. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) «Садақа беру ешқашан байлықты кемітпейді», - деп айтқан. Қасиетті айда мұсылман бауырының шаңырағына қуаныш сыйлаған жомарт жандарға «Балақажы» мешітінің имамы Нұров Махмұд Нұрұлы үлкен алғысын білдіріп, ризашылығын жеткізді. Осы жалған өмірде қандай да бір игілікті, қайырымды істеріміздің сыйы Алла тағаланың жәннаты екенін жадымыздан шығармай, соған амал етуге жазсын. Алла тағала осындай сауапқа ұмтылуды баршамызға нәсіп етсін! Әмин!

ihsan.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары