Тілдік нұсқа
Радио

ТӨРТ ТҮЛІК МАЛДЫҢ ЗЕКЕТІ
01 қаңтар, 1970 жыл 0 Басып шығару нұсқасы


Жарты жылдан көп уақытта жайлауда өсіретін қой, ешкі, өгіз, сиыр, түйе, жылқы секілді үй жануарларынан да зекет беріледі. Үй шаруашылығына пайдаланатын немесе сату үшін байланған малдардан және есек, қашыр, бұғы және елік секілді хайуандардан зекет берілмейді.

Қой мен ешкінің нисабы – 40 тұяқ.

 

Қойдың (ешкінің) саны

Берілетін зекет

1-39

40-120

1 қой (ешкі)

121-200

2 қой (ешкі)

201-399

3 қой (ешкі)

400-499

4 қой (ешкі)

 

Кейін әр жүзден 1 қой беріп отырады. Қой мен ешкі бірге саналады.

Сиырдың нисабы – 30 бас.

 

Қарамалдың саны

Берілетін зекет

1-29

30-39

бір жасар 1 тана

40-59

екі жасар 1 тана

60-69

бір жасар 2 тана

70-79

бір жасар 1 тана және екі жасар 1 тана

80-89

екі жасар 2 тана

90-99

бір жасар 3 тана

100-109

бір жасар 2 тана және екі жасар 1 тана

110-119

бір жасар 1 тана және екі жасар 2 тана

120-129

бір жасар 4 тана немесе екі жасар 3 тана

 

40-тан артып, 60-қа жеткенше екі жасар 1 танадан бөлек ешнәрсе берілмейді[1]. Онан соң есеп әр он сиырда өзгеріп отырады. Сиыр, өгіз, тана, бұзау – бәрі бірге есептеледі. Зекетке берілетін тананың еркек не ұрғашысына қарамайды.

Түйенің нисабы – 5 бас.

 

Түйенің саны

Берілетін зекет

1-4

5-9

1 қой

10-14

2 қой

15-19

3 қой

20-24

4 қой

25-35

бір жастан асқан бұзбаша (бинт мәхад)

36-45

екі жастан асқан құнанша (бинт ләбун)

46-60

үш жастан асқан інген (хиққа)

61-75

төрт жастан асқан інген (жәзаға)

76-90

екі жастан асқан 2 құнанша (бинт ләбун)

91-120

үш жастан асқан 2 інген (хиққа)

 

Әрі қарай әр беске 1 қой, ал әр 46 мен 50 түйеде үстіне үш жастан асқан бір інген қосып беріп отырады.

Жылқыдан да зекет беріледі. Жылқылар тек байтал немесе айғыр-байтал аралас болуы және оларды қосып бағасын есептегенде, құны нисап мөлшеріне жетуі шарт. Сосын жылқылардың бағасы ақшалай есептеліп, оның 2,5%-ы (1/40) зекетке бөлінеді. Жемдеп бағылатын және мінетін жылқыларға зекет берілмейді.

Зекетке тиісті түлік малдың орнына олардың ақшасын беруге де болады. Жылдың басында нисапқа толған малы жыл бойы өсіп көбейсе, зекетті жылдың соңындағы нисаптың есебімен береді[2].

 

ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімі

 

[1] «Әл-фәтауа ат-татархания фи әл-фиқһ әл-ханафи», 2/6.

[2] «Фатху баб әл-ғиная би шархи китаб ан-нуқая», 2/39.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары