Тілдік нұсқа
Радио

Видео

Құран тәпсірі. 11. «Әл бақара» сүресінің 30-32 аяттарының тәпсірі - Ерсін Әміре
27 сәуір, 2016 жыл 365 Басып шығару нұсқасы
Файлды мп3 форматта өзіңізге жүктеу үшін осы сілтеме арқылы өтіңіз (сайтта тіркелудің қажеті жоқ)http://azan.kz/audio/index/type/1/id/...

Файлды мп3 форматта өзіңізге жүктеу үшін осы сілтеме арқылы өтіңіз (сайтта тіркелудің қажеті жоқ)http://azan.kz/audio/index/type/1/id/...

Жаратушы Иеміз Алла Тағаланың адамзатқа басшылық етіп жіберген Қасиетті Құранның әр-бір мұсылман адамның өмірінде ерекше орын алатындығы айдан анық. Теңдесі жоқ ұйқастығымен бойды баурап алатын Сөздерді оқыған кездегі сезім неткен ғажап болса, сол Сөздерге салынған терең мағынаны ұғына отыру – күмәнсіз, Аллаға жақындауды қалағандар үшін иманының артып, шыңдалуына бірден бір себеп болмақ.

Алматы Орталық мешітінің сайты, ұстаз Ерсін Әміре Абу Юсуфтің Қасиетті Құран сүрелері тәпсірінің сабақтарын жариялауды бастап отыр. Тәпсір сабақтары Қасиетті Құранның барлық сүрелерін қамтып, терең бойламастан,олардың ең негізгі мағыналарын қарастыру форматына бағытталған. Дәрістер қазақ және орыс тілдерінде жарияланатын болады. 

Ұстаз Ерсін Әміре Әбу Юсуф Ливандағы Ислам университетінің шариғат факультетінің түлегі. Жоғары білімінен өзге Ерсін Әміре Қасиетті Құранды жатқа білетін хафиз, сондай- ақ Құран оқудың он түрлі қырағатының бес түрін: шейх Асим, Әбу Амр әл- Басри, Халафул Әшир, Әбу Жағфар әл- Мәдәни және Яқұб қырағаттарын жетік меңгерген. 

Сонымен қатар, белгілі мухаддис Абдул- Фаттах Әбу Ғудданың шәкірті шейх Мәжид Дәруиштен хадис ілімі бойынша ижәзәсі бар. Бүгінгі заманның үлкен ғалымы Уахба әз-Зухайлидің шәкірті болып табылатын Ислам экономикасы ілімдерінің докторы Алауддин Заттаридің шәкірті. Хадис ілімі саласында Ерсін ұстаз шариғат ілімдерінің докторы Әли Букоъидан дәріс алған. Өз кезегінде Әли Букоъи белгілі мухаддис Нуриддин Итрдің шәкірті. Сондай- ақ ұстаз Ерсін Әміре көптеген атақты әрі құрметті ғалымдардан ілім алған.

Ұсынылып отырған жоба еліміздің баршама мұсылман қауымы үшін маңызды білім қайнары болатынын сезіне отырып, оны іске асыру мақсатында көптеген іс-шаралар өткізіліп, ойымыз еліміздегі және шет мемлекеттегі мұсылман бауырларымыздан қолдау тапты. 
 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары