Қарқаралыда Теміртау қаласының жастары «Дархан дала» жобасы аясында табиғат аясында танымдық-экологиялық саяхат ұйымдастырды. Бұл бастама — жастардың экологиялық санасын қалыптастырумен қатар, отансүйгіштік рухын оятуға бағытталған үлгілі қадам.
Табиғатпен етене араласқан жастар қоршаған ортаны қорғаудың маңызын тереңірек сезініп, туған жердің сұлулығы мен байлығын бағалауға мүмкіндік алды. Мұндай іс-шаралар жас буынның табиғатқа жанашырлықпен қарап, ұлттық құндылықтарды құрметтеуіне сеп болады.
ҚМДБ Қарағанды облысы өкілдігінің баспасөз қызметі