Center Image
IHSAN.KZ
Шахтинск қаласындағы «Нұр» мешітінде тұрақты діни дәрістер жалғасып жатыр
Шахтинск қаласындағы «Нұр» мешітінде тұрақты діни дәрістер жалғасып жатыр

Қарағанды облысы, Шахтинск қалалық «Нұр» мешітінде жамағатқа арналған діни сауат ашу дәрістері жүйелі түрде өткізіліп келеді. Рухани сабақтар барысында шәкірттер Құран оқудың әліппесін, тәжуид қағидаларын және ислам фиқһының негіздерін үйреніп жүр.

Игі бастаманы мешіттің имамы Мәулен Әбілхайыр Кәсенұлы ұйымдастырса, дәрістерді тәжірибелі ұстаз Нұрлыбек Нұрланұлы жүргізіп отыр. Ұстаз шәкірттерге Құранды дұрыс оқу тәсілдерін, намаз, ораза, зекет секілді құлшылық түрлеріне қатысты шариғи үкімдерді кеңінен түсіндіріп, терең білім береді.

Мешіт ұжымы аталған рухани сабақтар арқылы қоғамда дінге деген оң көзқарасты қалыптастыруға, ізгілік пен адамгершілік құндылықтарды насихаттауға бар мүмкіндікті пайдаланады.

ҚМДБ Қарағанды облысы өкілдігінің баспасөз қызметі


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz