Қарағанды облысы, Шахтинск қалалық «Нұр» мешітінде жамағатқа арналып «Ақтық сапардағы міндеттер» тақырыбында арнайы діни дәріс ұйымдастырылды.
Дәріс барысында мәйітті жерлеу рәсімдеріне қатысты діни амалдар – кебін пішу, ғұсыл алу, жерлеу әдебі мен оқылатын дұғалар егжей-тегжейлі түсіндірілді. Мешіт имамдары мәйітті шариғат талабына сай дайындау тәртібін кезең-кезеңімен көрсетіп, практикалық мысалдар арқылы жамағатқа нақты түсіндірме берді.
Іс-шара соңында қатысушылар көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, шариғи тұрғыда нақты жауаптар алды.
Аталған дәрістің мақсаты – жамағаттың діни сауатын арттырып, ел ішінде жиі кездесетін жерлеу рәсімдеріндегі қателіктердің алдын алу.
ҚМДБ Қарағанды облысы өкілдігінің баспасөз қызметі