Қарағанды облысы, Шахтинск қалалық «Нұр» мешітінде электр желілері толықтай жаңартылып, заманауи жүйеге ауыстырылды.
Жаңғырту жұмыстары мешіттің имамы Әбілхайыр Кәсенұлының ұйымдастыруымен және жамағаттың қолдауымен жүзеге асты.
Аталған жұмыс мешіт ішіндегі қауіпсіздікті күшейтіп, жамағат үшін қолайлы жағдай жасауға және діни қызметтің тиімділігін арттыруға зор мүмкіндік беріп отыр.
ҚМДБ Қарағанды облысы өкілдігінің баспасөз қызметі