Center Image
IHSAN.KZ
ҚАРАҒАНДЫДА ИМАМДАРДЫҢ БІЛІМІН ЖЕТІЛДІРУ СЕМИНАРЫ ӨТТІ
ҚАРАҒАНДЫДА ИМАМДАРДЫҢ БІЛІМІН ЖЕТІЛДІРУ СЕМИНАРЫ ӨТТІ

ҚМДБ-ның  жылдық жоспарына сәйкес Қарағанды  облысы өкілдігінің ұйымдастыруымен аудан, ауыл имамдарына арналған білім жетілдіру  семинары өтті.

Оқыту семинарының негізгі мақсаты — ауылдық және шағын елдімекендердегі С санатындағы имамдардың кәсіби біліктілігін арттыру, діни білімін жетілдіру және қазіргі қоғам талаптарына сай мешіт қызметін дұрыс ұйымдастыру бағытында әдістемелік тәжірибе беру.

Семинарда ұстаздар мен бөлім басшылары  имамның қоғамдағы рөліне, жамағатпен дұрыс қарым-қатынас орнатудың әдебіне, мешіт қызметіндегі жауапкершілік пен талаптарға кеңінен тоқталды.

Үш күндік семинар соңында имамдар сынақ тапсырып, білімін жетілдіргенін растайтын сертификат иеленді.

Арнайы сертификатты ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша бас имамы Естай Айтуғанұлы табыстады.

Бұл семинар Қарағанды облысының ауыл мешіттеріндегі діни қызметкерлердің кәсіби деңгейін көтеруге, дәстүрлі дініміздің қағидаларын дұрыс жеткізуге, діни ахуалдың тұрақтылығын нығайтуға бағытталған маңызды қадам болды.


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz