Center Image
IHSAN.KZ
Ақжал кенті мешітінде жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр
Ақжал кенті мешітінде жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр

Шет ауданына қарасты Ақжал кентіндегі мешітте имамның бастамасымен күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қасиетті орданың ішкі жағдайын жақсарту арқылы жамағатқа қолайлы орта қалыптастыру мақсат етілді.

Атап айтқанда, мешіттің асханасы мен дәретханаларының есіктері жаңартылып, ескірген тұрбалары толық ауыстырылды. Барлық жұмыс мешіт ұжымы мен жамағаттың қолдауымен жүзеге асты.

Жөндеу жұмыстары мешіт қызметінің сапасын арттырумен қатар, жамағатқа деген ықылас пен құрметтің көрінісі. Алдағы уақытта да мешітті көркейту және абаттандыру бағытындағы игі істер жалғасын табады.

ҚМДБ Қарағанды облысы өкілдігінің баспасөз қызметі


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz