Center Image
IHSAN.KZ
ДАРХАН ДАЛА: ИГІЛІК БИ ӨТЕПҰЛЫ МАЗАРЫ ЗИЯРАТ ЕТІЛДІ
ДАРХАН ДАЛА: ИГІЛІК БИ ӨТЕПҰЛЫ МАЗАРЫ ЗИЯРАТ ЕТІЛДІ

ҚМДБ-ның бастамасымен «Darhan Dala» отандық туризмді дамыту жобасы аясында Қарағанды облысының бас имамы Естай Айтуғанұлы бастаған бір топ дін қызметкерлері  Игілік би Өтепұлының мазарын зиярат етті. 

Игілік би Өтепұлы 1769-1860 жылдар аралығында өмір сүрген қазақ даласындағы көрнекті қоғам қайраткері. Қарағанды маңындағы көмір мен мыс кендерін игеруге үлкен үлес қосқан. Кенесары хан басқарған көтеріліске қолдау көрсеткен. Жазушы Ғабит Мүсіреповтың "Оянған өлке" романының басты кейіпкері де осы Игілік би Өтепұлы.

Зиярат барысында  «Имандылық иірімдері» және «Зират және зиярат» әдебі турасында насихат айтылды. Сонымен қатар,  Игілік би Өтепұлының өмір тарихына қатысты деректер баяндалды.

Құран оқылып, бабаның рухына дұға бағышталды.

 

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

 


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz