Center Image
IHSAN.KZ
Абай аудандық орталық мешітінің имамы әскерилермен кездесті
Абай аудандық орталық мешітінің имамы әскерилермен кездесті

Абай аудандық орталық мешітінің имамы Асхат Қанайұлы аудандық әскери бөлімге арнайы барып, сарбаздармен кездесу өткізді. Басқосу барысында имам ел қорғаны саналатын әскери қызметтің маңыздылығына тоқталып, Отан алдындағы парыз, сабыр, тәртіп пен жауапкершілік сынды құндылықтар жайында насихат жүргізді.

Сарбаздарға рухани мотивация беріп, имандылық пен ұлттық тәрбие төңірегінде салиқалы әңгіме өрбітті. Сонымен қатар жастарды дінге қатысты жат ағымдардың ықпалынан сақтануға шақырып, дәстүрлі ислам құндылықтарының қоғамдағы орны мен маңызын түсіндірді.

Кездесу соңында сарбаздар көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, имам тарапынан тұшымды жауаптар алды. Бұл игі іс рухани тәрбие мен патриоттық сананы күшейтуге бағытталған мазмұнды кездесу болды.

ҚМДБ Қарағанды облысы өкілдігінің баспасөз қызметі


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz