Қарағанды қалалық «Бала қажы» мешітінің наиб имамы Ж.М. Тлеуқұл қаламыздағы №11 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлерімен кездесті. Кездесу барысында «Исламдағы сенім мәселесі» тақырыбында уағыз-насихат жүргізілді.
Ауыр апаттардың алдын алуға күш салып, қауіпті сәттерде адам өмірін арашалап жүрген сала мамандарына рухани азық ұсынылып, адал еңбектің ақыреттегі сауабы жайлы насихат айтылды. Сонымен қатар қатысушылар ақида мен фиқһ мәселелеріне қатысты көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, тұшымды жауап алды.
ҚМДБ Қарағанды облысы өкілдігінің баспасөз қызметі