Қарағанды облысы, Абай ауданына қарасты Қарабас кенті мешітінің имамы Шарифулла Шадиевтің бастамасымен қайырымдылық іс-шарасы ұйымдастырылды.
Игі іс аясында Қарабас пен Топар елдімекендеріндегі мұқтаж жандарға азық-түлік таратылды. Тұрғындар мешіт қызметкерлеріне алғыстарын білдірді.
Қайырымдылық жұмыстары алдағы уақытта да жалғасады.
ҚМДБ Қарағанды облысы өкілдігінің баспасөз қызметі